Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Мұсахан Бердібайұлы 100 жасқа толып отыр. Ғасыр жасаған қазыналы қарияны аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев @saparbayev_bm арнайы барып құттықтады.
Облыс әкімі ардагерге мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтауын жеткізді.
— Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың мерейлі міндетіміз. Ардагерлер – кешегі Отан қорғаушылар, еліміздің көркеюіне үлес қосып, ерен еңбегімен соңына өшпес із қалдырған жандар. Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегі елеулі.
Сіздердің жастық шақтарыңыз Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңімен қатар келді. Сіздер бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтірдіңіздер, күйзелген елдің еңсесін қайта тіктедіңіздер, Сіздер өз иықтарыңызға түскен ауыртпалықтың бәрін абыроймен жеңе білдіңіздер. Біле білсек, бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы.
Біз олардың қасиетті жолын қастерлеп, оны лайықты түрде жалғастыруға тиіспіз. Бүгінгі жастар бойындағы елжандылық қасиет осындай береке-бірлігіміздің негізінде дамып отырғаны анық, — дей келе Бердібек Сапарбаев қазыналы қарияға амандық, құт-береке тіледі.
http://Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында