Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласындағы мектептер жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен толықты.
Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Баспасөз мәлімдемесінде көрсетілгендей, «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» бағдарламасы бойынша білім ұйымдарына физика,биология, химия, география, информатика, математика, қазақ тілі, тарих, АӘД, еңбек және Stem-лаборатория, лингафон, дефектолог-логопед кабинеттерін алу жоспарланған. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы №4, 5, 9, 10, 12, 19, 21, 22, 24, 26, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 49 және Круглоозерный мектептерінің кабинеттері жабдықталған. Сонымен қатар бірнеше мектепке кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пәндік кабинеттерді жабдықтаумен қатар мектептерге интерактивті тақта, ақпараттық киоск алу және оқушылар үшін рухани жайлы орта қалыптастыру мақсатында коворкинг орталықтарын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіліп жатқанынан хабардар болдық.
Заманауи талапқа сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – білім беру сапасын жақсартуда оң ықпалын тигізетін маңызды фактор екенін атап өткен қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі былтыроралдық мектептерге жалпы саны 62 кабинет сатып алынғанын мәлімдеді.