БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР

Биыл білім саласында біршама жұмыстар атқарылды. Облыс оқушылары үшін де табысты жыл болды десек еш қателеспейміз. Басқарманың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалар да аз емес.

Бүгінгі күні Президентіміз бен Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімдігінің тікелей  қолдауларының арқасында білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа ғимараттар соғылып, апатты, үш ауысымды, оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі лайықты шешімін табуда.

Жалпы өңірде 13 білім нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп балалар игілігіне берілді. 2024 жылға 171 жаңа үлгідегі химия , физика , биология кабинеттері, 7 STEM, 5 робототехника кабинеттері, 24 ұлдар мен 23 қыздарға арналған шеберханалар сатып алынды. 10 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағытталған Білім басқармасы жанынан Психологиялық қолдау орталығы ашылды.

Жасалған жағдайлар оқушылардың  бірқатар жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді десек те болады.  2024 жылы дарынды оқушыларымыз халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 468 медаль иеленіп, облыстың атағын асқақтатуда. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 64 оқушы қатысып, 29 оқушы жеңімпаз атанды. Нәтижесінде Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды. Республикалық ғылыми жобалар байқауына 46 оқушы қатысып, 27 жас ғалым жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде, Жамбыл облысының командасы «Ең үздік команда» номинациясына ие болды.

Бүгінде облыста 40 мыңға жуық педагог қызмет етуде. Педагогтермен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқауларда биылғы жылы  71 педагог жеңімпаз атанды. Халықаралық академик  Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT /импакт/ ашық шығармашылық байқауында педагогтеріміз командалық есепте республикада I орынды, республикалық «Математикалық регата»  байқауында командалық ІІІ орынды иеленсе, республикалық «Үздік әдіскер», «Үздік сынып жетекші» байқауларында көш бастады. Сондай-ақ «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 8 педагог жеңімпаз атанды.Облыста «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген 6 педагог бар. Оның 3-еуі бұл жоғары атақты биыл алған. 4 педагог «2024 жылдың үздік педагогі» Республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды. Соңғы 13 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 51 педагогтің 19-ы ауыл мектептерінде қызмет етеді. Жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарға 3 жылдан бері «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» деген құрмет атағы берілуде. Аталған жетістіктер – облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында да спалы кадр даярлап, бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету мақсатында да біраз жұмыстар жасалуда. Биылғы жылдан бастап колледждерге бір мамандығын «Бренд» мамандық ретінде оқыту тапсырылып, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі «ІТ» және №7 Бетқайнар колледжі «Textile» мамандықтарын оқыта бастады. Колледждерді халықаралық деңгейге шығару мақсатында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығында халықаралық бөлім ашылды. Сондай-ақ, Білім басқармасы мен Сингапур мемлекетінің Marshall cavendish education компаниясы арасында ынтымақтастық меморандум жасалды. Алдағы уақытта, Сингапурлық оқыту әдістемесін жамбылдық педагогтер тәжірибеге енгізетін болады.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 513
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 618
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 623
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 615
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 620
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 395

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10629
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13862
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12820
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17825