БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАРАЖАР

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАРАЖАР

 "Сырт көз сыншы" дегендей жолым түсіп, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қаражар елді мекеніне барған едім.

Барған себебім; Қаражарда тұратын 92 жасқа келіп отырған абыз ақсақал - Бейсен Жақанұлына сәлем беріп, сұхбаттасу еді!

 Қаражардың тумасы желтоқсаншы азамат Құрманғазы Айтмырза "елге келіп жатсаң біздің де ауылға соғарсың" деген... Ақтөбеден уазик көлігі мен жолға шықтық!

Уазикке мінбегелі 40 жылдың жүзі болып еді.

 Қызық көріп,шопырдың жанына жайғастым.

 Жас болғасын ба, көлікті өте қатты жүргізеді екен.

 Ұшып отырып, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіге де, тез жеттік...

"Қаражарға бір жарым сағатта барамыз" деді. Менің сұраулы жүзіме қарап, жүргізуші бала.

 Жарқамыс ауылына қарай тартылған тас жол асфальтталған екен.

 Қаражарға барар 26 шақырым жол есіме сонау алыста қалған әскери полигондағы танкдромды еске түсірді.

 Жолдың шоқалағына қарамастан шопыр бала, 100 ден түсірмей бұрқыратып, шаңды аспанға көтеріп өте шықты.

 Құрманғазы мен інісі Мұқтар қарсы алып,мәре-сәре болып қалдық!

 Ауылда 85 - тей отбасы бар сияқты.

 Тып-тыныш ауыл!

 Жолшыбай жылқы үйірлеріне қарап, тамашалап келдім.

Бір, екі жерде түйелер де топтасып жүр екен. 

 Бейсен ағамыздың шаңырағына барып сәлем бердік!

 Көпті көрген абыз қарт тың көрінді.

 Туып өскен өлкесінің шежіресі екен,ағып тұр!

 Сол маңда болған термоядролық жарылыстарды 50 жылдан бері зерттеп келе жатқан, қажырлы қария сөзшең , әрбір айтқан әңгімесінің куәсі ретінде, жауапты мекемелерге жазған хаттарын көрсетіп отырды.

 Мен барғанда Қаражарлықтар тарихи тұлға - Қаракесек Жолан биге ас бергелі жатыр екен. Сол асқа қатысып, Жолан бидің тарихынан, жалпы Қаракесектер туралы тың деректерді естіп білдік!

 Қаракесек тайпасының пайда болуы туралы баяндаманы тыңдадық.

 Баяндамадан соң Жолан бидің ұрпақтары, тумалары сөз сөйледі. Жұрт асыға күткен ұлттық ойындарда қызықты болды: арқан тарту, күрес, қой,гір көтеру т.б. шаралар ойымыздан шықты.

 Байғанин ауданы ежелден күрестің отаны болатын!

 Біраз  белгілі палуандар шыққан аймақ!

 Кейбір саясаткерлер, журналистер осындай тарихи аталарымызға беріліп жататын астардың аясынан жершілдік, рушылдық іздеп әуреге түсіп жатады. Басқа жерлерде қалай өтетінін көрген жоқпын, Қаражарда өткен астың тәрбиелік мәні зор болды деп есептеймін!

 Бір жас жігіт ата - бабасының туған жері - Қаражарға тұңғыш келіпті.

Үлкендерден сұрастырып жүргенін көріп едік. Ертеңіне 

Бейсен ағамыздан аталарын сұрап, суретке тартып алған екен,молаларының құлыптастарын көрсетіп,анықтап алып жатты.

 Көптеген жастар алғаш келіп тұрғандарын айтты.

 Бәрінің жүзінде таңырқау мен қуаныш табы есіп тұр.

 Аталарының астарына ауылды мүлдем көрмеген кішкене балаларын да ерте келіпті.

Балалардың жүгіріп,асыр салып ойнап жүргендерін сырттан бақылап,бізде мәз мәйрам болдық. Дастархан басындағы үлкендердің зілсіз қалжың, әңгімелері қандай жарасымды десеңізші.

 92 жастағы Бисен ақсақал мен 80 жастан асқан Сағидан ағалардың нағашы - жиен болып, бір - бірін түрткілеп ойнаулары  керемет үлгі дер едім.

 Ауыл молдасы Мақсат имамның да айтарлары бар екен. Терең ойлылығымен есте қалды. 

 Мұқтар ініміз жас күнінде күреске түсіп талай бәйге алған екен. Күреске түскелі тұрған жас палуандарға қалжыңдап " түйе палуандыққа түссем қалай болады" деп еді. " Сізді танитын жас палуандар, сіздің жағаңызға жармаспай-ақ. Бас бәйгені сізге береді ғой"- десті.

Бұлда інілердің, ағаларға деген құрметтерінің көрінісі.

 Ақтөбеден асқа арнайы екі оқушы баласын ерте келген, Ерлан деген ініміздің көлігімен, Ақтөбеге қайтып оралдым. Жол жөнекей үлкендер айтып отырған, Самның құмы,Желтау,Үстірт,Бекет атамыздың жолын ұстаған Тұраш ахундар қайта - қайта ойыма орала берді. Орала берді.

 Асты жүргізіп, ұйымдастырған жастар екен.

Ғалымжан мен Мейрамбек деген екі жігіт есімде қалыпты.

 Туған жерге деген құрметті насихаттап, тәрбиелейтін осындай мерекелі жиындардың болып тұрғандары, дұрыс шығар?!

Таңертең Мұқтар ауылдық мәдени шаралар өтетін клубты көрсетті. Бір кезде сатылып кеткен мәдени ошақты қалпына келтірген - Серік Ерғали екенін де айтып өтті. 

Ішіне кіріп аралап шықтық!

Шағын ауылға жарап-ақ тұр.

Аманкелді Жұмашұл
29.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387