БІРЛІК БАСТАУЫ – БЕРЕКЕЛІ ТҮРКІСТАН

БІРЛІК БАСТАУЫ – БЕРЕКЕЛІ ТҮРКІСТАН

Мемлекетіміздегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы маңызды роль атқарады. Сондықтан бұл бағыттағы істерді жүйелі түрде жалғастыра беру керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту.

 

Осы орайда Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIІ сессиясы болып өтті. «Бірлік бастауы – берекелі Түркістан» тақырыбындағы жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚХА Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, аудан, қала әкімдері, облыстық ҚХА құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері және жастар ұйымдары қатысты. Сессияны облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.

Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров этнос өкілдерінің аймақты дамытуда атқарып жатқан жұмыстарын атап өтті, сессия жұмысына сәттілік тіледі.

– Ассамблеяның 30 жылдығы – егемен еліміздің тарихындағы айтулы оқиға. Аталған институт этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында тиімді саясат жүргізе алатын ұйым ретінде танылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның ХХХІV сессиясында маңызды ойлар айтты. Ел бірлігі мен ынтымағы Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етіп отырғанына тоқталып, этномедиация институтын дамытуды атап өтті. Соңғы жылдары Түркістан облысында медиация саласы айтарлықтай көрсеткіштерге жеткенін айта кеткен жөн. Былтыр Ассамблея сессиясында Президент облысымыздағы этномедиацияға қатысты жұмыстарға оң баға берді. Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы аясында өңірімізде 2 мыңнан аса ұлттық, мәдени, спорттық іс-шаралар өткізілуде. «Ассамблея жастары» да азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған бірқатар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Облысымыздағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандардан «Достық үйін» ашу керек деп санаймын. Түркістан облысында этносаралық келісім тұрақты дамып, барлық азаматтардың мүдделері тең дәрежеде қорғалады. Сіздермен бірге еліміздің өркендеуіне, бірлігі мен ынтымағына үлес қосу – үлкен мәртебе, – деді облыс әкімі.

Сессия барысында Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Раимжан Қошқаров, Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Зикирулла Юсупов, Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігі Жетісай аудандық филиалының төрағасы Халим Тұрсынов, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек баяндама жасады. Олар облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиацияның дамуы жайында айтып өтті. Бұл сессия бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісі болды.

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, облыста «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану», «Мың бала», «Қайырымдылық керуені», «Жаңа толқын», «Шаңырақ» жобалары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері 631 іс-шара мен 49 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 39 мыңға жуық адам қамтылды. Сонымен қатар 168 ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізіліп, оған 9 мыңға жуық тұрғын қатысты.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
08.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13912
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13865
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28998
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27656
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31168