​​БИЫЛ 170 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛАДЫ

​​БИЫЛ 170 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛАДЫ
 

🎓 2022 жылы 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады.

ҚР БҒМ бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар дайындады.

«Соңғы қоңырау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға. Биыл эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс мен нұсқауды алды. 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер. Тағы қоса кетерім, жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз — иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», — деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады.

Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек.

Рұқсат етілмейді:
– аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
— мерекелік дастархандар жаюға;
– жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
– мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
— ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.

24.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678