Биыл айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды

Биыл айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды

— Соңғы жылдары қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру схемаларында заңсыз криптоайырбастаушылар маңызды рөл атқарады, олар криптовалютаны фиаттық валюталарға және керісінше конвертациялауға мүмкіндік береді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.

— 2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды. 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсыз онлайн криптоайырбастау қызметі бұғатталды, — деп жазды агенттіктен.

Дерекке қарағанда, инвестициялар тарту үшін криптовалютаны пайдаланған екі қаржылық пирамида әшкереленді. 545 мың USDT қайтарылды және 120 мың USDT бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі криптотранзакцияларға бақылауды күшейту және олардың қылмыстық мақсаттарда қолданылуына қарсы күрес жүргізуде халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыруда.

Ақша жымқыру саласындағы бұзушылықтар үшін цифрлық активтер провайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық схемаларға қарсы күресу мақсатында қаржылық операцияларға тиімді бақылау құралдарын жетілдіруді жалғастыратын болады.

Бұған дейін Өзбекстанда $2,6 млн криптоактивіне заңсыз иелік еткен жасөспірім ұсталды.

 

Фото: «Milliy TV» телеарнасы АСТАНА. KAZINFORM https://kaz.inform.kz/news/biil-aynalimi-60-mlrd-tengen-kuraytin-36-zansiz-kriptoayirbastau-punkt-zhoyildi-54f855/
06.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1272
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1641
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1647
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1640
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1650
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1429

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12503
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14646
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13596
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18614