Биыл Ақтөбе облысында он елді мекен газбен қамтылады

Биыл Ақтөбе облысында он елді мекен газбен қамтылады

Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі ауылдық елді мекендерді газдандыру болып табылады. Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысында Президент тапсырмаларының орындалуы қаралды.

Жиынға бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

Биыл Ақтөбе облысында он ауылдық елді мекенге газ келеді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев осылайша, жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 835 мың адам немесе өңір халқының 93,4 пайызы тұратын 152 елді мекен көгілдір отынмен қамтылатынын жеткізді.

2022-2025 жылдар ішінде 76 елді мекенді газдандыру міндеті қойылды. Нәтижесінде газбен қамтылған тұрғындардың үлесі 97,6 пайызға жетеді.

Е.Тоғжанов: «Қор бар, өңірдің өткізу мүмкіндігін ұлғайтумен айналысу керек. Бәрі газбен қамтылуы тиіс. Бүгінде облыста Ойыл және Ырғыз аудандары газбен аз қамтылған. Ойыл ауданында 22 елді мекеннің тек үшеуіне, Ырғыз ауданында 18 ауылдың бесеуіне ғана газ кірген. Осы аудандар бойынша жұмысты күшейту қажет»,- деп атап өтті.

Бұдан бөлек, жол бойындағы жас көшеттерді күтіп-баптауға, су қоймаларын салуға, суармалы жерлер алаңын кеңейтуге, елді мекендерді абаттандыруға қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.

Осы аптада облыста санитарлық тазалау, абаттандыру және талдар мен бұталар отырғызу бойынша екі айлық басталады. Сондай-ақ, тазалықты бұзушылармен күресу мақсатында қоғамдық орындарда, қоқыс алаңдарында бейне бақылау камераларын көбейту туралы шешім қабылданды

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 109
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 115
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 404
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 388

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18305
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18167
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33354
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31906
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35653