Биыл Байзақ ауданындағы елді мекендерді газбен қамту 100 пайызға жетеді

Биыл Байзақ ауданындағы елді мекендерді газбен қамту 100 пайызға жетеді

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Байзақ ауданының даму жоспары қаралды.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлар және өзекті мәселелер туралы баяндаған аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін инвестициялық 7 ірі және 101 шағын жобаны жүзеге асыру көзделуде. Нәтижесінде жалпы 1250-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Бұдан бөлек, 258 бюджеттік жоба жоспарланған. Олардың басым бөлігі тұрғын үй, ауыз су, электрмен қамту, жол жөндеу, газбен қамту, білім, денсаулық, мәдениет салаларына қатысты.

Қазіргі таңда аудандағы 43 елді мекеннің 28-і таза ауыз сумен, 42-сі газбен қамтылған. 2025 жылға дейін ауылдарға толығымен ауыз су тарту, ағымдағы жылы газ тарту мәселесі 100 пайызға шешілмек.

Аймақ басшысы әр жобаны жеке-жеке талқылап, ол бойынша тиісті басқармалар мен аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерінен жауаптар алды.

— Бюджеттік жобалармен шектелмей, бізге қосымша қаражат көздерін табу, инвесторлар тарту қажет.

Ең бастысы – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, табысын арттыру. Ауыл әкімдерінің жұмысын күшейту керек. Олар ауылдағы әрбір үйдің жағдайымен жіті таныс болуы тиіс,-деді Н. Нұржігітов.

Ауданда жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасына сәйкес 2022-2025 жылдары 8300-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Оның 2730-ы тұрақты жұмыс орындары.

 — Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы орындалуы тиіс. Әр отбасының тұрақты табысуы болуы маңызды. Осы бағытта жұмыс істеу керексіздер,-деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы әр ауылдық округтің атқарылатын жобалар бойынша жоспарының болуы, ауылдар бір бағытта жүйелі жұмыс істесе ғана нәтижеге қол жететінін баса айтты. Сондай-ақ, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

— Мәселені анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын да қарастырыңыздар.

Өздеріңіз ауылдарға барып, халықпен сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаңыздар. Кәсіпкерлер, шаруалармен кездесіңіздер,-дей келе Нұржан Нұржігітов бірқатар жобаларды салалық басқармалармен бірлесіп қайта пысықтауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706