«2,4 млрд. теңгеге 1 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік сала нысандары салынады. Бұл жұмыстар 5 мыңға жуық тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды. 6,2 млрд. теңгеге 15 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізіледі. Мұның нәтижесінде, 40 мыңнан астам қала тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Таза сумен қамту үлесі 91 пайыздан 99 пайызға дейін артады. 4,5 млрд. теңгеге 5 инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша нақтылауға бюджеттік өтінімдер ұсынылды», – деді спикер.
Ержан Жұматұлы 20,9 млрд. теңгеге 42 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оларға 2 820 отбасы қоныстанады екен.