Бұл кездесулердің басты мақсаты – Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерге, пробация қызметіне бос лауазымдарға қызметке шақыру және жұмыс ізденушілерді ақпараттандыру. Осындай жұмыстық кездесу Жәнібек аудандық пробация қызметі және Жәнібек аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
– Кездесуге қатысушыларға бос жұмыс орындары бойынша ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ішкі істер органдарында қызмет атқарудың тиімді тұстары туралы айтылды, – дейді БҚО бойынша ҚАЖД Жәнібек аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Н.Қуанышқалиев.