БҚО-да «Жеті қазына» жобасы бастау алды

БҚО-да «Жеті қазына» жобасы бастау алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жеті қазына» жобасының «Асыл мұра» бағыты бойынша қол күресінен сайыс ұйымдастырылды. 

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов: – Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бұл жоба ел көлемінде бастау алып отыр және бірнеше бағытта өтеді. Жобаға жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысады. Сонымен бірге қатысушыларға сәттілік, ал мықтыларға жеңіс тілеймін, – деді. 

Ардагер ұстаз, педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Коломоец спорттың бұл түрі елімізде, облысымызда кеңінен дамығанын атап өтті. – Жақсы жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз да бар. Университетіміздің білім алушысы, Әлем чемпионы Ержан Ерболат бүгінгі таңда кезекті әлемдік байрақты бәсекеге дайындалуда. Сонымен қатар облыс құрамасының сапында өнер көрсетеді. Оларға жеңіс тілейміз, – деді спорт ардагері. 

Жарысқа қатысушы ұлдар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынаса, қыздар бес салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті. 

Бірнеше бағыт бойынша жалғасатын «Жеті қазына» жобасы алдағы жылдың наурыз айында қорытындыланады. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5380
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5537
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20505
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19136
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22597