Атап айтқанда, тасымалдаушы компания «RashLau» ЖШС тарапынан «Isuzu» маркалы 20 бірлік автобус жеткізіліп отыр.Олардың ұзындығы 9 метрді, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Төмен еденді автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қарастырылған.
Жаңа қоғамдық көліктер арқылы тоқтап қалған №13,18 бағыттар қайта жанданбақ.
«ТаразТрансМоторс» ЖШС-да жаңа автобустармен толықты. «King long» маркалы 12 бірлік қоғамдық көлік 81 адамға шақталған.Автобустар №27,16 бағыттағы ескірген көліктердің орнын алмастырады.