БҰЛ ДОДА – ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ӘСПЕТТЕЙДІ

БҰЛ ДОДА – ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ӘСПЕТТЕЙДІ

Этноауыл, шығыс базары, киіз үйлер және рекордты құрақ көрпе төселеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай қызықтар болады, сол жайлы айта кетейік. Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен дәстүрдің нағыз іс-шарасы болмақ. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында театрлар шеруі, Қазақстан Суретшілер Одағының жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін басты сахнада концерттік бағдарламалар өтеді, оның соңы кешкі гала-концерттер болмақ. Этнофольклорлық ансамбльдер, Қазақ ұлттық оркестрлері, солистер мен би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді. Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын Қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады. Этноауыл шамамен 10 га жерге орналасады және бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала. Сондай-ақ, этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын нағыз шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады. Оның ішінде қолөнершілер ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдерін көрсетеді. Сол сияқты зергерлік бұйымдар, былғары өңдеу, керамикалық мүсін бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық қатысушы қатысады деп күтіліп отыр. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541