Доскей ауылында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және ақын Доскей Әлімбаевқаарналған әдеби аялдама рәсімделді.
Павильонда ауыл тұрғындары үшінбуккроссинг ұйымдастырылды.
Әдеби аялдаманы безендіру идеясын БұқарЖырау ауданының Орталықтандырылған кітапханажүйесінің әдіскері Майгүл Асқарова ұсынды.
Барлық округ кітапханашылары оны қолдап, эскиздер жасады.
Аялдамада бес стенд ұсынылған. Солардың біріХалық ақыны, ҚазКСРО еңбек сіңірген өнерқайраткері Доскей Әлімбаевқа арналған.
– Жас кезінде ол Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан сал сынды танымал әншілердіңмузыкалық мәдениетін қабылдап, импровизация мен композицияның негізгі тәсілдерін үйренді. Олфеодалдық-рулық ақсүйектер мен дінбасылардымазақ еткен әндер жазған, – дейді Доскейауылының Орталықтандырылған кітапханажүйесінің мәдени ұйымдастырушысы ДариғаБіләлова. – Ұлы Отан соғысы жылдары Отанқорғауға шақыратын әндер топтамасын жазды. "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Олоблыстық ақындар айтысынұйымдастырушылардың бірі. Оның құрметінеҚарағандыда көше мен біздің ауыл аталды.
Қалған стендтер Ұлт ұстазы, түрколог, "Алаш" партиясының мүшесі, Ұлттық жазу реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізінқалаушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай безендірілді.
– Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтуде. Біздің әдеби аялдамамызосы күнге арналған. Бізді ауыл әкімдігі қолдады, – дейді Дариға Біләлова. – Аялдамаларда QR-кодтарбар, оларды сканерлеп, ұлт мұғалімініңшығармаларымен танысуға болады. Болашақтатағы бір аялдама жасағымыз келеді.