БҰҚАРАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСУ ҚАЖЕТ

БҰҚАРАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСУ ҚАЖЕТ
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте облыс орталығы тұрғындары мен әкімдік арасындағы кері байланыс бағытындағы жұмыстар барысы қаралды.
Аталған мәселе бойынша сөз алған қалалық медиа орталық директоры Балнұр Бектұрғанова әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жарияланымдар мен тараздықтар тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдарға жауап беру жайын тілге тиек етті.
– Бүгінде әкімдіктің «Instagram» парақшасында 89 мыңға жуық, ал «Facebook»-та 5 900 жазылушысы бар. Жыл басынан бері әкімдіктің әлеуметтік желілерінде 997 пост, 263 бейнеролик, 575 баннер жарияланды. Қаңтар айынан бастап әкімдіктің ресми парақшасын белгілеу арқылы жалпы саны 1 086 пост жарияланды. Сонымен қатар «Ikomek-109» платформасы арқылы 4 654 өтінім түскен. Тұрғындардан түсіп жатқан сауалдардың басым көпшілігі шаһардың коммуналдық қызметтеріне қатысты болып отыр. Орталық қызметкерлері барлық арыз-шағымға дер кезінде жауап беріп келеді, – деген Балнұр Бектұрғанқызы әкімдікке қарасты бөлімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігіне талдау жасап, кейбірінің кері байланыс орнатудағы жұмысы көңіл көншітпейтінін жеткізді.
Бандамашыны мұқият тыңдап шыққан Бақытжан Әмірбекұлы бұқарамен байланысты бекіте түсу қажеттігін айтып, бөлім басшыларына нақты тапсырмаларын берді.
Келесі кезекте қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаев бюджеттің болжамды орындалуы туралы баяндады. Бөлім басшысының айтуы бойынша, 1 шілдеге дейін Тараз қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 103,2 пайызға немесе 996,3 млн теңгеге артық орындалады деп жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ өзіндік кірістер 118,2 пайызды құрап, 3 330,6 млн теңгеге артық болады деп күтілуде.
Кеңес барысында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстарының барысы жайында баян етті. Шаһарда биылға 68,6 шақырымды құрайтын 118 көше, бұрылыс, тұйық, пен өткелді, одан бөлек 18,1 шақырымды құрайтын 7 жаяу жүргіншілер жолын және 73,8 шақырым шағал жолды орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жолақтарды таңбалау және бағдаршамдар орнату жұмыстары да қолға алынған.
Жиында, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттардың әзірлену барысы, құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептер, көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және өзге де мәселелер қаралды.
Қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашыларды тыңдап, сын-ескертпелерін айтып, жұмысты жүйелеуді тапсырды.
Басқосу соңында Б.Орынбеков жауапты мамандарға мөлтек аудандардағы тазалықтың сақталуын назарда ұстау, заңсыз сауда орындарын жою және қала аумағындағы шөпті уақытылы шабуды қолға алу секілді маңызды мәселелер бойынша жұмыстарды жоспарлы орындауды жүктеді.
Тараз қаласының әкімдігі
19.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11646
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629