БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «САҚАЛДЫ» ҚҰРЫЛЫСҚА АЙНАЛҒАН 44 ТАБИҒИ ГАЗ НЫСАНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «САҚАЛДЫ» ҚҰРЫЛЫСҚА АЙНАЛҒАН 44 ТАБИҒИ ГАЗ НЫСАНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.
Тиісті жұмыстарды жүргізу есебінен екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды. Бұдан бөлек, биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 47 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде «көгілдір отынмен» қамтылған елді мекендер саны 557-ге жетіп, қамту деңгейі 67,2 пайызды құрайды
2018 жылдан бері республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 аудандағы 800 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтитын «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық, 91 шақырым электр желісінің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.
Кентау қаласындағы №5 жылу орталығы 2012 жылдан бері жөндеу көрмей, 85 пайызға тозған. 6 қазандықты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бюджет есебінен 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылуда.
Созақ ауданы «Шолаққорған су» МКК кәсіпорны жылыту маусымына қазандықтарды сапалы дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен Мазут қазандығы мен жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8875
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8270
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11498
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9254
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10481