Чернобыль оқиғасы еске алынды

Чернобыль оқиғасы еске алынды
 
Осыдан 36 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды. Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандықтар қатысты.
 
Жылдан — жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандықтардың саны азайып келеді. Осыған орай, Талас ауданы, Қаратау қаласында Чернобыль оқиғасынан зардап шеккендерді еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагер Бағлан Тулепбергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, қала әкімі Дархан Баимбетов, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
♦ Іс-шара апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Іс—шарада алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибековаға берілді.
— Биыл, Чернобыль атом электр станциясында орын алған апатты оқиғаға 36 жыл толып отыр. Апаттың зардаптарын жоюға 100 мыңнан астам адам жұмылдырылса, соның 30 мыңға жуығы қазақстандықтар еді. Олардың қатарында денсаулығын тәуекелге тігіп, өздерінің әскери парыздарын орындаған таластықтар да болды. Сол жандардың жанқиярлық ерлігі мен қажырлы еңбегі арқасында ғана апат ауқымы қысқарды. Олардың қаншасы алынған радиация салдарынан өмірден ерте озды. Біз, сол әскери антына адал буынның ұрпағы, бауырлары оларды мақтан тұтамыз, олардың ерлігі мәңгі жадымызда қалуы тиіс. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін олардың алдында басымызды иеміз, — деді.
♦ Өз кезегінде ардагерлер мереке қарсаңында қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілектерін білдірді.
Талас аудан әкімдігі
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 443
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 406

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9103
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8501
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11728
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9494
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10710