”ДАҢҚ” ЗАЛЫНДА «МУЗЕЙ ТҮНІ» ӨТТІ

”ДАҢҚ” ЗАЛЫНДА «МУЗЕЙ ТҮНІ» ӨТТІ
🔹”Даңқ” залында Халықаралық музейлер күніне орай Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысының тарихына арналған бірқатар іс-шаралар халық назарына ұсынылды. Мәдени-білім беру акциясы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, 5513 әскери бөлімі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы оркестірінің сүйемелдеуімен ашылып, келушілерге зал экспозициялары бойынша экскурсиялар жүргізілді.
🔹Сонымен қатар, келушілер Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театры актерлерінің сомдауымен Б.Момышұлы және И.В.Панфиловтың, биылғы жылы 100 жылдық мерейтойы тойланатын М.Мәметова және Т.Бигелдиновтың тарихи тұлғалары ашылатын қойылымдарды тамашалады.
🔹Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялауына орай, көпшілік назарына «Оқушылар сарайы» тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттік бағдарламада өнерпаз балалар «Не пришедшие с войны» хорын, «Сарбаздар» әні, «Тучи в голубом» вальсін, «Аист на крыше» биін, «Прощание славянки» және «День Победы» марштарын орындап шықты.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
20.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6315
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21429
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20049
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23529