ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ КӨБЕЙТУ жобасы әзірленді

 ДӘРІГЕРЛЕРГЕ  ЖӘРДЕМАҚЫНЫ КӨБЕЙТУ жобасы әзірленді

Солтүстік Қазақстан облысында өңірге келетін дәрігерлерге арналған көтерме жәрдемақыны ұлғайту жобасы әзірленді. 

Қоғамдық кеңес отырысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат  Иманжанов  білікті  дәрігерлердің   қажеттілігіне  байланысты әлеуметтік қолдау мөлшерін қайта қарау ұсынылатынын хабарлады. Атап айтқанда, қалаға жұмыс істеуге келетін жалпы практика дәрігерлеріне берілетін жәрдемақыны 1 млн теңгеге дейін, ауылға – 1,5 млн теңгеге дейін, бейінді мамандарға – 3,5 және 5 млн теңгеге дейін ұлғайту көзделмек.

2020 жылдан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келгендерге 2,5 млн теңге, қалаға  1,5 млн теңге төленеді.

Нұрболат Иманжановтың айтуынша, жәрдемақы төлеу өңірге медициналық кадрларды тартуға көмектеседі. Өткен жылы 280 дәрігер, оның ішінде 95-і ауылдарға келді. Оның ішінде 167-сі 314 млн теңге көтерме жәрдемақы алды. Бұған дейін жылына 60-тан астам маман тартылған болатын.

«Облыс бойынша 183 дәрігер мен 79 орта медицина қызметкері жетіспейді. Акушер-гинекологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың, радиологтардың, хирургтардың, балалар мамандығы дәрігерлерінің, онкологтардың, кардиологтардың ең көп тапшылығы сезілуде. Тапшылықтың негізгі себептері мамандардың өңірден тыс жерлерге қоныс аударуы, зейнеткерлікке шығуы және жеке секторға көшуі болып табылады. Кадрлық ресурстарды тарту мақсатында облыста қолайлы еңбек жағдайларын жасау және дәрігер мамандығының тартымдылығы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басқа өңірлер көтерме жәрдемақылар арқылы мамандарды тарту жөнінде шаралар қабылдауда. Көршілес облыстар биыл көтерме жәрдемақы көлемін 5 млн теңгеге дейін ұлғайтты», – деді қоғамдық кеңесте  Нұрболат  Иманжанов.

 

Нұрсайын Шәріп
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407