11 маусым күні Алматыда DAR компаниялар тобының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов кәсіпкерлермен эксперттік demo-talk кездесу өткізді. Мұнда шағын бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын Darlean платформасытаныстырылды.
Қазақстанда автоматтандыру арқылы операциялық шығындарын үнемдеп, өнімділігін арттыруға әлеуеті бар 415 мыңға жуық шағын сегментті компания бар. DAR компаниясының зүргізген зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек, бизнес ресурстарының 74 пайыздайын профильдік емесоперацияларға жұмсайды екен.
“Кәсіпкерлермен жұмыс істей келе, олардың бетпе-бет келетін мәселелерін байқадық. Сөйтіп бухгалтерлікесеп, заңды қызметтер, маңызды құжаттарды сақтау сияқты мәселелерде процестерді автоматтандыруға көмектесетін шешім ұсынғымыз келді. Күнделікті мәселелерді бір батырманы баса салып тез шешуге болатындай қылсақ дедік. Міне, сондай шешімді Darlean платформасы ұсынады. Ол жетекші-кәсіпкерге де, платформаны қолданатын қызметкерге де өте түсінікті әрі қарапайым. Ірі бизнестердің технологияларын шағын кәсіптің сұранысына сай трансформация жасадық. Осылайша автоматтандыру дәрежесі бойынша әлемнің жетекші компанияларымен иық тіресе алатындай мүмкіндік бергіміз келді, — дейдіӘлидар Өтемұратов.
Платформаны жасағандардың сөзінше, Darlean қазақстандық бизнестегі бұрыннан белгілі нүктелікшешімдермен бәсекелеспейді. Одан гөрі компаниялардыңмүмкіндігін молайтып, барлық процесті бір платформағасинхрондау арқылы қызметкерлердің уақытын үнемдеугекөмектеседі деген дұрысырақ. ERP-жүйе бизнестіңбарлық қызметін компьютер арқылы да, телефоннанмобайл режимде де автомандыра алады.
“Мен Тайванда жүргенде Darlean-ді сынап көрдім. Жұмысбарысында менде үнемі процесс те, келісімдер мен контрагенттер де көп болғандықтан, маған бұл өтеқолайлы болды. Барлық жұмысты телефонмен істейбересің. Біреуді жалдап, код жазуды үйреніп жүрмейсің. Батырманы басып-басып түсіні аласың. Егер түрлітапсырмасы бар ондаған адамның жұмысын бақылаукерек болса, онда Darlean арқылы осы шаруалардықолайлы әрі ың-шыңсыз істеуге болады”, — деп ойынбөлісті Stupid Mad World арнасының негізін қалаушыМаксим Якименко.
Әдетте қағаздағы мәліметтерді ақпараттық жүйелергеауыстырған кезде механикалық қателер кетіп жатады. Бұлжүйе сондай қателер факторын барынша азайтайды. Кезкелген құжатты автомат түрде толтырып, ЭЦҚ-мен қызметкер не контрагент қол қоя алатындай қылуғаболады. Жасанды интеллект кірістірілген чат-бот көмегімен видео-кездесудің хаттамасын сұратып, солжиналыстардың қорытындысына сай тиісті тапсырмаларберуге мүмкіндік бар.
Өнімнің ең маңызды ерекшелігі сол — компаниялар тобынне филиал желісін орталықтан басқару мүмкіндігінде. Навигация өте қолайлы болғандықтан, бірнеше ұйымбірлігін бір мобайл қолданба көмегімен басқаруға болады.
Darlean платформасын қазақстандық инженерлер жасапшығарған. Олар әрі қолдау жағынан, атап айтқандаоқытуға, клиенттермен жұмыс істеп, әкімшілердідайындауға көмектеседі. Платформасы интерфейсіқазақша, орысша және басқа да тілдерде бар. Технология түрлі салада істейтін, 16-100 аралығында қызметкері бар компанияларға жақсы үйлеседі. ERP-жүйе SaaSформатында да, On-premise форматында да жұмысістейді.
“Қазіргі таңда бұл IT-шешім 11 модульден тұрады. Келесі релизде келісімшарттар мен төлемдерді қаржылық және заңдық тұрғыдан бақылауға мүмкіндік беріп, қызметкерлер білігін арттыруға арналған оқу модулін қосқымыз келеді. Клиенттер тарапынан қазірдің өзінде ұсыныс пен кері байланыс алып отырмыз. Сонымен қатар қолдану ыңғайлырақ болсын деп платформаның басты бетінің дизайнын да жақсартсақ дейміз”, — дейді DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.