Демалыста жүрсе де азаматтық міндетін ұмытпады

Демалыста жүрсе де азаматтық міндетін ұмытпады

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданы Достық ауылында орын алған өрт оқиғасы кезінде еңбек демалысында жүрген облыстық ТЖД қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Айбар Камидуллиев екі адамның өміріне араша түсті. 

Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Еңбек демалысында жүрген А. Камидуллиев үйіне көлікпен бара жатып, екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен қызыл жалынды байқайды. Көп ойланбастан көмекке ұмтылған жігіт өз өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін түтінге толы пәтерге терезе арқылы кіріп, екі адамды тауып алады. Оларды терезе арқылы даладағы адамдарға лақтырып, сырттағылар есікті ашқаннан кейін эвакуацияға жол ашып, тұрғындарды қатты түтін басқан бөлмеден уақытында алып шығады. Құтқарылғандар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт сөндірушілер келген кезде бір пәтердің балконы мен шатырының жануы, екінші қабаттағы тағы бір пәтердің балконының ішінара жануы анықталған. Өрттің жалпы аумағы — 40 шаршы метр. Төтеншеліктер жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді, адам шығыны жоқ.

Ал жерлесіміз Айбар төтеншеліктер келгенге дейін жедел әрекет етіп, өзінің азаматтық міндетіне адалдық танытты

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24741
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24398
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41841
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37713
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42142