Денсаулық сақтау жүйесі - қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. «Дені сау ұлт - мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеруде.
Осы орайда Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылында медициналық пункт ашылды.
Бүгінде ауданда 1 емхана, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 мед пункт, 8 дәрігерлік амбулатория бар.
Қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілгелі отырған денсаулық сақтау нысаны заман талабын ескере отырып, соғылған.
Аталған нысан 5 келушіге арналған. Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін арнайы жабдықтармен, тиісті құрал-саймандармен толық қамтылған. Бөлмелері кең, жылы, әрі жарық.
Ең бастысы ауырып, ем іздеп келген жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай қарастырылған.