Депутаттар шекараны күзетуде

Депутаттар шекараны күзетуде

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ҚР ҰҚК Шекара академиясы курсанттарына арналған лагерьде үш күннен бері оқу жаттығу жиынына қатысуда. Мәжіліс депутаттары Максим Рожин, Олжас Құспеков, Болат Керімбек және Самат Нұртаза курсанттармен бірге апта бойы таудағы лагерьде тұрып, жаттығады. Содан соң депутаттар Қытай және Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны қорғайтын болады. Депутаттар шекара әскерлері соңғы үл­гідегі техникамен жабдықталып, онда үз­діктердің үздіктері қызмет етуі керек деп есептейді. Өйткені еліміздің қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуде ең күр­делі жауынгерлік міндеттерді күн сайын орындайтын – осы шекарашылар. Депутаттар курсанттармен бірге ша­тырларда тұрады. Таулы аймақта ерте тұ­рып, сапқа тұрып, тактикалық тап­сыр­малар мен жауынгерлік дайындықтан өте­ді. Тауға көтерілуді, толық қару-жа­рақпен бірнеше шақырымдық марш лақтыруды үйренеді. 

– Елордаға әр сарбаздың, әр офицер­дің мәселесін жеткіземіз. Күрделі проблемалардың бірі – офицерлердің жалақысының төмендігі, орта есеппен 170-220 мың теңге. Бүгінгі нарықпен бұл өте аз. Тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру мә­селелері бар. Әрбір заставада тиісті тех­никалық құралдардың болуы маңызды. Дрондар, заманауи қару-жарақ, көлік болуы керек, – дейді Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза. Жоба барысында депутаттар ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заңнамалық бастамалар мен шараларды, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тәсілдерді, сондай-ақ әскерде қызмет ету жағдайларын жақсарту қажеттілігін зерделеуді көздеп отыр.

27.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6587
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6714
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21696
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20311
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23800