Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Жалпыұлттық социал -демокартиялық партиясының фракция мүшелері атынан                        депутат Наурыз Сайлаубай: Шекарамыздан өткен шетелдік тіркеуі бар автокөліктердің қаншасы мемлекеттік тіркеуден өте алмады және олардың тағдыры не болмақ?

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға жолданады

2022 жылдың 1 қырқүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында, елімізге заңсыз кірген автокөліктерді тіркеу туралы біржолғы шешім жасауды ұсынды.  

2023 жылы Үкімет Қаулысы негізінде 2022 жылы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесі мен утилизациялық алымын 200 мың теңгеге бекітті.  Оған қоса көлік басқа мемлекеттің іздеуінде болмауы және кедендік тазалаудан өтуі шарт болды.

Қазіргі таңда біздің көтеріп отырған мәселеміз еліміздің аумағына 2022 жылдың 1-қыркүйегінен кейін кірген 80 мыңға жуық көліктің тағдыры жайында болмақ.

Қарапайым халық шетелден, яғни, шетелдік тіркеуі бар көліктерді неге алып жатыр? Өйткені, ол машиналардың жылы жаңа, сапасы жоғары, оған қоса бағасы жағынан да тиімді болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, біздің елде 30 жыл жүрген ескі көліктің бағалары шарықтап тұр. Мысалы, екі-үш жыл бұрын «Toyota Camry 20» автокөлігі 2 млн. теңге тұрса, қазір 4 млн. теңгеге жетті. Бұні біздің елде «Тойота алсаң өзіңе салған инвестиция» деп біледі. Себебі сатып алған ескі көліктің бағасы жыл өткен сайын қымбатауда. Ал өзімізден құрастырылып шыққан автокөліктер қарапайым азаматтарға қолжетімсіз, бағасы сапасына сай келмейді. Шетелден ресми түрде сатып алайын десе утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу алымы мөлшерлемесінің құны көлік бағасынан да асып жатыр.  Сондықтан да, азаматтарымыз әлі күнге дейін көрші елдерден көліктерді кіргізіп жатыр. Олардың саны күн сайын артып, алдағы уақытта тағы үлкен мәселеге әкеп соғуы әбден мүмкін. Осыған қатысыты сізге мынадай сұрақтарымыз бар:

 

1. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, шетелдік тіркеуі бар көліктерді басқарған Қазақстан азаматтарына еліміздің шекарасына кіруге неге рұқсат берілді?

 

2. Президент жолдауында заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет деді. Сіздердің тарапыңыздан тосқауыл қою үшін қандай шаралар қабылданды?

 

3. Шекарамыздан өткен шетелдік тіркеуі бар автокөліктердің қаншасы мемлекеттік тіркеуден өте алмады және олардың тағдыры не болмақ?

Сонымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы:

 

1. Шетелдік теркеуі бар көліктетерді заңдастыру уақытын, шекарамыздан заңсыз кіретін көліктерді өткізбеудің амалдарын тауып, нақты шарттарын бекіткенге дейін ұзартуды ұсынады.

Осы жоғарыдағы аталған мәселені ескере отырып, бұл көлік иелерінің арасында жалғыз басты аналар, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жасы 35-ке дейінгі жастар бар екенін ескере отырыңыздар.

Депутаттық сауалға заңнамада көрсетілген мерзімге сай жауап беруіңізді сұраймын.

03.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281