Дзюдо: Күміс медаль жауған күн

Дзюдо: Күміс медаль жауған күн

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды. Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазари еншіледі. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзірбайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Ширек финалда Сариев моңғол спортшысы Ядамдори Сухбаатарды жеңді, ал жартылай финалда венесуэлалық Деннис Маркос Бланкодан басым түскен-ді.

Тағы бір дзюдошымыз Теміржан Дәулет 73 келі салмақта финалда өзбекстандық Феруз Саидовпен шеберлік байқасып, одан иппон әдісімен жеңіліп қалды. Теміржан жартылай финалда грузин Георгий Калданиден айласын асырып, қарсыласын иппонмен жеңген-ді. Бұл жолы бұйырғаны күміс болды, оған да шүкір десек керек. Бұл құрама қоржынына түскен үшінші жүлделі медаль.

Ал, дзюдошы қызымыз Зарина Байбатина 70 келіден астам салмақта ақтық финалда әзірбайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл бәсекеде әзірбайжандық балуан иппон әдісімен жеңді. Сөйтіп, Зарина күмісті қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық дзюдошы Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды. Күміс жүлдегерлердің бәрі мемлекет тарапынан 150 мың доллардан сыйақы алады.

Ермек Сахариев
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 353
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 201
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 498
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 342

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18257
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18115
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33305
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31857
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35578