Егін жинауда рекордтық көрсеткіш...

Егін жинауда  рекордтық  көрсеткіш...

Өңір ауылшаруашылығы егін жинауда рекордтық жетістікке жетті. 2025 жылы облыс ауылшаруашылығы өнімдерінің артуы нәтижесінде  елімізде бірінші орынға шықты. Өнім көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға артқаны, облысымыз елдің басты астықты өңірі мәртебесін тағы да растағанын баса атаған жөн. Нәтиже, орташа өнімділігі 16,3 ц/га жетіп, 7,6 млн тонна астық жиналды, бұл елдегі жалпы өнімнің төрттен бірінен асады екен. 

Экспортқа шығу әлеуеті артқан.  Онда, 22 елге 3,6 млн тоннадан астам астық жөнелтілсе, Эстониядағы Muuga Grain Terminaal астық терминалымен ынтымақтастықтың арқасында облыс өнімі Еуропа нарығына жеткен. Өңірде 2025 жылы үш сүт-тауар фермасы және бір бордақылау алаңы салынды. Биыл екі ірі сүт-тауар фермасын, 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын іске қосу және құс фабрикалары желісін кеңейту жоспарда екен. Аграршыларды қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» және «Игілік» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары жалғасын таппақ. Жалпысы, 2026 жылы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,35 трлн теңгеге жетеді деген болжам айтылды. 

Өңір басшысы баяндама соңында  аймақтың экономикалық саясаты өндірісті арттыруға, халық табысын көбейтуге және жергілікті бюджетті нығайтуға бағытталған жоба жоспарларды атап, тұрғындарды осы игі іске жұмылуға шақырды. Елді мекенде өмір сүрген әрбір адам өз ортасын, ауылын, қаласын өркендету мен көркейтуге ат салысуы қажет. Бұл – тек тұрмыстық іс қана емес, оған патриоттық сезіммен, азаматтық жауапкершілікпен қарап, ел мен ұлтымыздың болашағы үшін игі істер жасау әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы.

Дахан ШӨКШИР
27.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 79
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 180
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 256

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23267
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39807
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36753
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40918