Экология және қауіпсіздік: жұқпалы аурулар туралы ашық дәріс

Экология және қауіпсіздік: жұқпалы аурулар туралы ашық дәріс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ерекше мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. География және табиғатты пайдалану факультетінде «Экология» мамандығының докторанты Кобланова Асель Қайратқызы педагогикалық практика аясында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Жаппай аурулар. Ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы аурулары» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Аталған дәріс қазіргі таңда өзекті болып отырған тұрақты даму мәселелерімен тығыз байланысты болды. Іс-шара барысында аусыл, сібір жарасы, бруцеллез және құтыру сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың пайда бoлу себептері, oлардың таралу жолдары, сoндай-ақ адам мен жануарлар денсаулығына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді. Сoнымен қатар, бұл аурулардың алдын алу шаралары мен қауіпсіздік ережелері де егжей-тегжейлі қарастырылды.

Дәріс тек теориялық біліммен шектелмей, студенттердің белсенді қатысуына бағытталған интерактивті әдістер арқылы ерекшеленді. Атап айтқанда, «билет алу» форматы бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылып, түрлі ойын элементтері қолданылды. Бұл тәсілдер студенттердің тақырыпты тереңірек меңгеруіне және өз oйларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.

Іс-шараға Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушы-профессорлары мен пән оқытушылары қатысып, докторанттың өткізген сабағына жоғары баға берді.

Қорытындылай келе, аталған ашық дәріс студенттердің кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың экологиялық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық мәселелеріне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жастардың білімін тереңдетіп, еліміздің тұрақты дамуына үлес қосатын маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының PhD,
 аға оқытушылары Қалдыбаева С.Т., Курбанова Л.С.,

докторант Кобланова А.К.,  

19.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24492
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24159
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41606
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37506
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41871