Үкімет отырысында осы мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «Аталған мәселеде, меніңше, орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс бірнеше жайт бар. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр. Біріншіден, отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге жүйелі қолдау шараларын ұсыну және олармен сату бағасын белгілеу туралы келіссөздер жүргізу қажет. Екіншіден, нақты сектор кәсіпорындарының жүктемесін мониторингілеу және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге жәрдемдесу. Үшіншіден, жаңа инвесторларға кешенді қолдау көрсете отырып, олардың сұраныстарына барлық деңгейлерде жедел ден қою. Төртіншіден, отандық экспортты жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау мен логистикадағы проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу шарт. Бесіншіден, туындайтын сұраныстарға уақытылы жауап бере отырып, қолданыстағы құралдармен бизнесті белсенді қолдау. Бұл шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді.