24 қазан күні Алматы қаласында, Alcha мейрамханасында SHANYRAQ 2025 форумының ұйымдастырушылары, спикерлері мен отандық медиа өкілдерінің қатысуымен баспасөз таңғы асы өтті.
Биылғы форумның тақырыбы - «Елдің тамыры - кәсіпкерлер».
Кездесудің негізгі өзегі – қазақстандық кәсіпкердің қоғамдағы мәртебесі мен дауысы жайлы пікірталас болды. Бүгінде елдегі бизнес жаңа белеске көтерілуде. Өз ісіңді бастау бұрынғыдан әлдеқайда мүмкін, алайда ел ішінде мойындалу үшін әлі де табандылық, қажыр-қайрат және өз күшіңе сенім қажет.
Made in Kazakhstan қозғалысы барған сайын маңызды сипат алып келеді: кәсіпкерлер оқып-үйреніп, жаңа жобалар бастап, елдің дамуы мен танылуына инвестиция салуда. Қазіргі таңда бизнес алаңдарында шетелдік спикерлермен қатар, ел экономикасын күн сайын қалыптастырып жүрген жергілікті мамандардың да үлесі артып келеді.
Баспасөз таңғы асында қатысушылар Made in KZ ұғымының күш, төзім мен жасампаздықтың нышанына айналу себептерін және өз ісіне, өз еліне деген ішкі мақтаныш сезімімен жаңа кәсіпкерлік толқынның қалай қалыптасып келе жатқанын талқылады.

Форумның миссиясы мен құндылықтары
Форумның негізін қалаушы әрі директоры Маргарита Боярова SHANYRAQ жобасының миссиясы мен мақсаттары туралы айтты:
«Бүгінгі таңда SHANYRAQ – жай ғана форум емес. Бұл - еліміздің экономикасын дамытып жүрген шынайы қазақстандық кәсіпкерлер бас қосатын алаң.
Мен 15 жылдан астам уақыт ивент-индустрияда жұмыс істеп келемін, көптеген форумдарды, соның ішінде халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастырдым. Бірақ кәсіпкерліктің бүкіл жолынан өзің өткен соң, жаңа бастап келе жатқан жандарды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінесің. Осылайша, SHANYRAQ - халықтық форум ретінде, өзіміз үшін, өзіміз туралы жоба болып дүниеге келді», - деді ол.
Форум миссиясының басты бағыттары:
• Қазақстандық кәсіпкерлердің ел экономикасындағы және қоғамдағы рөлін қайта бағалау;
• «Өзіміздікі» мәдениетін қалыптастыру;
• Бизнес пен кәсіпкердің беделін арттырудағы медиа мен блогерлердің рөлі;
• Made in KZ брендіне елдік мақтаныштың символы ретінде жаңа мән беру;
• Қазақстандық кәсіпкердің дамуы мен мойындалуы үшін алаң құру.
Қазақстандық кәсіпкерлік сандар мен деректерде
Бүгінде шағын және орта бизнес (ШОБ) ел экономикасының маңызды тірегіне айналды.
• ШОБ секторы еліміздің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді және 4,3 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
• Соңғы он жылда шағын және орта бизнес компанияларының саны 50%-ға жуық өсті.
• БАҚ пен блогерлер кәсіпкерлер туралы қоғамдық көзқарасты түбегейлі өзгертуде: енді олар «өз бетімен күн көрушілер» емес, ел дамуына үлес қосушы тұлғалар ретінде танылуда.
• Қазақстандық бизнеске өз жайлы айқын, ашық әрі құрметпен айту бұрынғыдан да маңызды.
Маргарита Боярова атап өткендей:
«Қазақстан кәсіпкерлері өз ісін мемлекеттік қолдауға толық сүйенбей-ақ, ең алдымен өз күшіне деген сеніммен құрып отыр. Бұл – нағыз кәсіпкерлік рухтың көрінісі».

Кәсіпкерлер дауысы
Форумның серіктесі әрі тең ұйымдастырушысы Алексей Белимов халықаралық конференциялардағы тәжірибесімен бөлісе отырып, кәсіпкерлердің ел ішіндегі танылуының маңыздылығын атап өтті:
«Мен шетелдік алаңдарда сөз сөйлеген сайын, біздің ұлттық құндылықтарымыз туралы айтамын - үлкенге құрмет, отбасылық дәстүр, қонақжайлық. Бұл - біздің ДНҚ-мыз.
Біз – ашық халықпыз: бейтаныс адамды да үйге шақырып, шай мен бесбармақ ұсынамыз. Бұл қасиет бизнесте де байқалады – біз бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз. Ешбір жүйе бұл қасиетті жоя алмайды. Міне, дәл осы – қазақстандық кәсіпкердің бірегейлігі».
Алексей Белимовтың кәсіби қызметі халықаралық компаниялармен тығыз байланысты. Ол өз жұмысымен елімізде жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп келеді.
- Кәсіпкер ретінде сізді Қазақстандағы медиа кеңістікте қаншалықты таниды? - деген сұраққа Алексей былай деп жауап берді:
- Танымалдылығым әзірге тар шеңберде ғана, негізінен бұл - серіктестерім, мердігерлерім мен клиенттерім.
Белимов жақында жеке брендин дамытуға белсенді кірісіп, жылдар бойы жинаған тәжірибесімен YouTube пен Instagram арналарында бөлісіп жүр.
- Біз бәріміз бизнесте бір-бірімізге көмектесуге дайынбыз, және мұны ешқандай жүйе бұза алмайды. Бұл – қазақстандық кәсіпкердің бірегей ерекшелігі, – дейді Алексей Белимов

Жетістік тарихтары және форум серіктестері
SHANYRAQ форумының жарқын қатысушыларының бірі - Landzhou мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майғарина.
Оның тарихы көптеген адамдарға шабыт берді - бастапқы капиталсыз басталған жол бүгінде танымал брендке айналды.
Қазір ол өз тәжірибесімен бөлісіп, жас кәсіпкерлерге тұрақты бизнес құруға көмектеседі.
«Өз ісімді құру мен даму мақсатым ғана болды. Сол ұмтылыс мені бүгінгі деңгейге жеткізді.
Қазір өз кәсіпкерлері елінің батырларына айналатын кезең келді», - деді Гүлбану Майғарина.
Bereke Bank - SHANYRAQ форумының бас серіктесі
Форумның бас серіктесі - Bereke Bank.
«Bereke Bank» АҚ (ДБ Lesha Bank LLC (Public)) бизнес-форумдарды және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бастамаларды белсенді жүзеге асырып келеді.
Банктың бизнес-маркетинг жөніндегі директоры Үміт Қайырбекова баспасөз таңғы асында атап өтті:
«Bereke Bank-тің мақсаты - тек қаржылық қызметтер ұсыну емес, сонымен қатар кәсіпкерлік ортаны дамытуға үлес қосу.
Біз оқыту және форумдарды қолдау арқылы кәсіпкерлердің өсуіне көмектесеміз.
Негізгі басымдығымыз — әрбір бизнестің нақты сұранысына сай шешім ұсыну, компанияларға өз мақсаттарына тезірек жетуге және нарықта сенімді болуға мүмкіндік беру», - деді Үміт Қайырбекова.

Салықтар және жаңа экономикалық жағдай
Баспасөз таңғы асында Қазақстанның Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер туралы Дмитрий Казанцев - салық заңнамасы бойынша сарапшы, кәсіпкер, қаржы жөніндегі кітаптардың авторы және Kazantsev Group компаниялар тобының директоры баяндады.
Оның айтуынша, алдағы өзгерістер бизнестен үлкен жүйелілік пен ашықтықты талап етеді.
«Салық кодексіндегі өзгерістер кейбір компанияларды - шамамен 20%-ын - өз қызмет тәсілін қайта қарауға итермелеуі мүмкін. Бұл - нарықтың табиғи дамуының бөлігі.
Ұзақ мерзімде мұндай өзгерістер тұрақты бизнес-модельдердің қалыптасуына және кәсіпкерлік ортаның нығаюына ықпал етеді.
Мемлекет бизнестің ұсыныстарын ескеруге дайын екенін көрсетіп отыр, бірақ теңгерімді салық жүйесін қалыптастыру уақытты қажет етеді», - деді Дмитрий Казанцев.
Дмитрий Казанцев салық жүйесіндегі өзгерістер мен ШОБ-тың болашағы туралы толығырақ 8 қарашада Алматыдағы Республика Сарайында өтетін SHANYRAQ 2025 форумында баяндайды.
SHANYRAQ форумы туралы
Соңғы үш жылда SHANYRAQ форумы кәсіпкерлер үшін маңызды оқиғаға айналды. Осы уақыт ішінде форумға 25 000-нан астам қатысушы келді.
Сахнада ондаған қазақстандық спикер сөз сөйледі, олардың көбі форумнан кейін кеңінен танымал болды.
Биылғы жылы форумда қазақ және орыс тілдерінде синхронды аударма қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар қатысушылар арасында байланыс орнатуға арналған SHANYRAQ Connect атты онлайн-арна іске қосылды. Telegram платформасында орналасқан бұл желі арқылы қатысушылар форумға дейін танысып, кездесулер ұйымдастырып және спикерлердің сөздерін бағалай алады.
Форумға билеттерді shanyraqforum.kz және ticketon.kz сайттарынан алуға болады.














