Еліміздің үздік домбырашылары - құрмет төрінде

Еліміздің үздік домбырашылары - құрмет төрінде

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы республикалық «Домбыра-Дастан» үздік жас орындаушылар байқауының жеңімпаздарын қабылдады.

Қысқаша ақпарат берер болсақ, 2022 жылдың 22 мамыр күні Алматы қаласында Қазақстанның дарынды жастарын қолдау мақсатында «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетованың ұйымдастыруымен өткен «Домбыра Дастан» атты                                  I республикалық домбырашы балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауының ақтық кезеңі өткен болатын. 

Белгілі домбырашылар мен күйшілер қатысып, кәсіпқой қазылар алқасы төрелік еткен байқауда 35 жас домбырашы сынға түсті. Сол байқауға М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің білім алушылары қатысып, 6-11 жас аралығында бас жүлде және 8 млн теңгенің сертификатын Дәулетбай Аяна, 12-15 жас аралығында І орын және 6 млн теңгенінің сертификатын Жанатбек Бақдәулет жеңіп алған.

Жас оқушыларды қабылдаған Ерлан Қыдыралыұлы:

 

- Өңірімізде жас дарындылардың жеңіс тұғырынан көрінгені қуантады. Бұл - үлкен жеңіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылды  «Балалар жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Сіздер өздеріңіз қатарлы жеткіншектерге үлгі болып, биік шыңдарды бағындырып, ерекше таланттарыңмен дараланып, аудан мәртебесін көтеруге зор үлес қосып отырмыздар тарихта қалып отырсыздар. Сіздер біздің ауданның мақтанышысыздар. «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» демекші, болашақта сіздерден зор үміт күтеміз. Қазақстанның мәртебесін биікке көтеретін, есімдері алтын әріппен жазылатын үлкен азамат болыңыздар, - деген өңір басшысы Алғыс хат табыс етіп, сый-сияпат үлестірді.

 

 

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 150
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 162
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 438
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 427

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18205
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33391
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31944
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35703