«Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС-нің бөлім басшысы сотталды

 «Елорда Құрылыс   Компаниясы» ЖШС-нің бөлім басшысы   сотталды

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл саламен арнайы айналысатын агенттіктің қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жемқорларды құрықтау, жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген қылмыстың бетін ашып, сотқа жеткізді. 

Жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі  Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлімінің басшысы сотталғандығын хабарлады. Таратылған деректе «Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ.Базарбекке қатысты үкім шығарды. Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп жазылған.

«Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС төңірегіндегі кейбір даулы мәселелер оқырман қауымға жасырын болмаса керек. Дегенмен былтыр күзде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта бұл компанияның таратылатындығын айтқан болатын. Жеңіс Қасымбек ең алдымен ОКҚ-де өткен баспасөз брифингінде, онан кейін «Жібек жолы» арнасындағы сұхбатында: «Кезінде арнайы құрылған «Елорда құрылыс» компаниясы бар. Келесі жылы біз ол компанияны таратамыз. Келесі жылдан бастап Үкімет бұл мәселелерге (үлескерлер мәселесі) жауапты болмайды. Өздері жауапты болады», – деген болатын. Алайда компания таратылса да, оның басшылары мен жауапты қызметкерлері заңдық жауапкершіліктен қашып құтылмайтыны анық.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 10427
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 10507
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 25542
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 24216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 27698