Емханада өткізілген мереке

Емханада  өткізілген мереке

Халықаралық  әйелдер  күні  қарсаңында Алматы қаласы  Әуезов ауданына қарасты  №10 емханада  медицина  қызметкерлеріне  құрмет көрсетілді. Салтанатты  іс-шараны емхана  мекемесіндегі  кәсіподақ  ұйымының  төрайымы  Акимбаева Анар Биташқызы бастаған әкімшілік пен ер адамдар құттықтады. Осы іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырып, әнші Абай Бегей өз өнерін көрсетті. Салтанатты іс-шарада емханадағы  қызметкер  ер-азаматтар: техника  қауіпсіздік инженері Ч.С.Абитов, комплаенс-офицер Е.Ж.Нүсіпбаев, хирург-дәрігер Н.А.Орғыбеков өлең жолдарын оқып, жүрекжарды  тілектерін айтты. Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге  адал еңбегі және белсенді қызметіне қарай марапаттар берілді.                                                                            

Мерекелік іс-шара соңында  дәрігер Қазына Қайратқызы және Ізбасар Бағлан өз әндерін тарту етті.  Сол күні емхана әкімшілігі  наурыз айына тұспа-тұс келген рамазанның оразасын ұстаған жандарға  ауызашар берді. 

 

Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805