Еңбек нарығының тұрақтылығы және ШОБ-ты қолдау

Еңбек нарығының   тұрақтылығы және   ШОБ-ты қолдау

Елордадағы еңбек нарығындағы жағдай тұрақты күйінде қалып отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 4,5% төмен. Орташа айлық жалақы – 560 мың теңге.

Жылдың алғашқы төрт айында қалада 7 593 жаңа жұмыс орны құрылды. Мансап орталықтары арқылы 6,1 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары, оның ішінде дәнекерлеуші, токарь және слесарь мамандықтары бойынша VR-технологияларды пайдалану тәжірибесі кеңінен қолданылуда.

Шағын және орта бизнес секторында да сапалы әрі қарқынды өсім байқалады. Қалада 246 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар шамамен 560 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі рекордтық 66%-ға жетті.

Былтыр ШОБ өндірген өнім көлемі 20,7%-ға өсіп, 21 трлн теңгені құраған. Осы қарқынды сақтау және әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында 2026 жылы Астанада жаңа бизнес-идеяларға 400 АЕК мөлшерінде 260 қайтарымсыз грант беру жоспарланған.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25790
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25240
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42652
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38494
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43051