«Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары

«Еңбек жолы» және «Парыз»  байқауларының жеңімпаздары

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда елорданың үздік еңбек әулеттері мен «Еңбек жолы», «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған. Бұл бастама қоғамда еңбектің және кәсібиліктің құндылығын насихаттауға бағытталған. Еңбек күніне арналған салтанатты жиында ел өмірінің негізін құрайтын, өз ісіне адал мамандар құрметке бөленді.

Сахна төрінен еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын, тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан және қалалық мәслихат төрайымы Табиғат Зейнұлқабден құттықтады.

«Біздің қоғам мен мемлекет үшін ең жоғары құндылық – еңбек адамы. Министрлік жұмысшылардың қауіпсіздігін, әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарын қорғау бағытында көптеген бастаманы қолға алып келеді. Қазір елордада 700 мыңнан астам маман, 150 мыңнан астам еңбек ардагері бар. Бұл – өзге өңірлерге үлгі», – деді өз сөзінде министр С.Жақыпова.

Ал елордадағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдауға бағытталған «Парыз» байқауының жеңімпаздары «Dar rail» компаниясы мен Ақмола вагон жөндеу зауыты болды. Сонымен қатар түрлі салада еңбегімен ерекшеленген бірқатар азамат Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында жоғары кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп, өз ісіне адал еңбек ететін жұмысшыларға ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиын әсерлі концерттік бағдарламамен аяқталып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.

 

Нағашыбай Қабылбек
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 290
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 284

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33982
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32535
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36337