Е.Қарашөкеев: Жергілікті билік пен қоғамның бірлескен жұмысы көп мәселені шешуге мүмкіндік береді

Е.Қарашөкеев: Жергілікті билік пен қоғамның бірлескен жұмысы көп мәселені шешуге мүмкіндік береді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Басқосуда аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жылдарға арналған даму жоспары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының бағдарламалық тапсырмаларын орындау, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірімізде жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын оның ішінде, балық шаруашылығын дамыту, су тапшылығының алдын алу секілді мәселелер көтерілді.

Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымовтың айтуынша, өткен жылы кеңес мүшелері 48 отырыс, 30 қоғамдық және 28 есепті тыңдау мен 15 қоғамдық мониторинг өткізген. Бұдан бөлек, мониторигтік топтар Тараз қаласы мен Жамбыл, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу, Қордай, Жуалы, Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныс-тілектерін тыңдаған.

Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде 22 ұсыным дайындалып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңес мүшелері де көкейдегі өзекті мәселелерін білдіріп, ой-ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімі сұрақтарға жауап бере отырып, белгіленген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Аймақ басшысы кеңес мүшелері мен алдағы уақытта да тұрақты кездесіп отыратындығын жеткізді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1060
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7102
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10955
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7170
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7313