Ералы Тоғжанов: Біздің басты мақсатымыз – конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Ералы Тоғжанов: Біздің басты мақсатымыз – конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Ақтөбеде «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, найб мүфти Ершат Оңғаров, ҚРАқпарат және қоғамдық даму Министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары бойынша діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Шара Астанада өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде» көтерілген мәселелерді талқылау мақсатында және «Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырылды. 

Ералы Тоғжанов дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтап, олардың бұл шараға атсалысуы бейбітшілікті сақтауға және конфессияаралық диалогты нығайтуға деген ортақ мүддені айғақтайтынын алға тартты.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде діни төзімділік пен диалогтың маңыздылығы кезекті рет аталып өтілді. Съезд өткізу туралы бастамаға біздің ел ұйытқы болып, Қазақстан өзін бейбітшілік пен келісім мекені ретінде көрсете білді. Бұл бағытта дін өкілдерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өйткені, біз тек бірлескен күш-жігермен ғана заманның сын-қатерлерін еңсере аламыз. Конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту біздің басты мақсатымыз болып қала береді. Бүгінгі күні өңірдегі діни саладағы түйткілді мәселелерді бірлесіп талқылау және үлкен нәтижелерге қол жеткізу арқылы шешетінімізге сенімдімін», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Ақтөбе облысы шекаралас аймақтардың қатарында, өңірде 10 конфессияның басын біріктірген 94 бірлестік бар. Сондықтан облыс басшылығының басты міндеті дінаралық және ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын сақтау болып табылады. Осы орайда діни бірлестіктерге үлкен үміт артылып отыр.

«Облыс аумағында дінаралық және ұлтаралық қақтығыстар жоқ. Дегенмен, қоғамда өзара сыйластық пен конфессияаралық диалогты дамытуға бағытталған түрлі шараларды ұйымдастыруды жалғастыру қажет деп есептеймін. Мен өз тарапымнан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім болғанда ғана халқымыздың өмірінің барлық әлеуметтік құрамдас бөліктері шешіледі», - деп облыс әкімі сөзін түйіндеді.

«Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы» тақырыбында ҚРАқпарат және қоғамдық даму Министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов баяндама жасаса, ҚМДБ төрағасының орынбасары, найб мүфти Ершат Оңғаров конфессияаралық келісімді нығайтудағы исламның рөлін айғақтады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақтөбе облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк Қазақстан аумағының түрлі ұлт және конфессия өкілдері үшін тату әрі қонақжай мекенекенін, соңғы әлемдік және аймақтық оқиғалар мұны айғақтайтынын атап өтті.

«Ұзақ жылдар бойы еліміздің аумағында 130-ға жуық ұлт пен ұлыс, этникалық топ өкілдері өмір сүріп келеді. Бірақ бұл бөлінушілік пен қарсылыққа себеп емес. Біз мұнымен мақтана аламыз», - деді.

Шара соңында Ералы Тоғжанов діни бірлестік өкілдерін келе жатқан «Рухани келісім күнімен» құттықтап, өңірдегі діни ахуалды жақсартуға және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырма берді

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626