Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС басшылығымен кездесті

Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС басшылығымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС-нің вице-президенті Заур Халафовпен кездесті.

Өңіріміздегі өндіріс орны жылына 150 мың тонна құрылысқа арналған гипс және 350 мың шаршы метр плита шығарады.

Жаңа зауытта құрғақ және құрылыс қоспалары шығарылатын болады. Қазіргі таңда мұнда 100-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал зауыттың жобалық қуаттылығы – жыл сайын 400 тоннадан астам өнім шығару.

Компания облыс аумағында лак-бояу өнімдерін өндіруді жолға қоюды жоспарлауда.

«Alina Group» ЖШС өткен жылдың қараша айында бояу өнімдерін шығаратын ірі өндірушілердің бірі – Nippon Paint Holdings Co. Ltd  халықаралық стратегиялық инвесторын тарту туралы шешім қабылдаған. Оның штаб-пәтері Жапонияда орналасқан

Кездесу барысында жапондық компаниямен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Ербол Қарашөкеев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарға баса назар аударудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларына жаңа жобаны сүйемелдеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімдігі
29.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1096
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7142
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10994
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7206
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7351