Ербол Қарашөкеев бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады

Ербол Қарашөкеев бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады

Қазақстан Халқының бірлігі күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларовпен бірге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) өкілдерімен кездесті.

Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу барысында қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

– Халқымызда «Бірлік бар жерде – тірлік бар», - деген нақыл сөз бар. Киелі Жамбыл жерін мекен еткен 87 этнос өкілдері тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға атсалысуда. Өңірдегі 75 этномәдени бірлестік түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!  Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ҚХА-ның «Қайырымдық керуені» жалпыұлттық және «Қоржын» акциялары аясында Ассамблеяның құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер Алғыс айту күні қарсаңында 200 аз қамтылған отбасыға 4,5 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

Жамбылдық қоғам қайраткерлері, еріктілер, кәсіпкерлер, депутаттар су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін 376 тонна азық-түлік өнімін, 76 тонна гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде облыстық ҚХА-ның жанынан құрылған «Жомарт Жан» орталығы 57 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберді. Төтенше жағдай орын алған аймақтарға облыстан 106 бірлік арнайы техника жөнелтілді.

Ербол Қарашөкеев этномәдени бірлестіктердің өкілдерін бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткені үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хамида Турдыева, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Евгений Кравчук орамды ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сөз алғандар достық көпұлтты қоғамның құндылықтарын арттыру, «әртүрліліктегі бірлік» қағидатын нығайту, барлық этностардың салт-дәстүрлерін сақтау туралы ойларымен бөлісті.

Бұл күні Достық үйінде қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643