18 тамыз – Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуына орай, Қордай ауданындағы әскери заставада аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен айтулы мерекелік шара өтті.
Аталған іс-шара шекара қызметкерлерінің күнделікті батыл еңбектерін және еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтуге арналды.
Қордай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, шекарашылардың рухын көтерді. Әскери заставадағы шекарашылар үшін бұл мереке елге қызмет етудің жауапкершілігін тағы бір рет еске салатын ерекше күн болды.