ЕРЕКШЕ КҮН

ЕРЕКШЕ КҮН
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн.
Бүгін Тараз қаласында 2 бірдей жаңа мектептің ашылуы айшықты мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Соның бірі – жаңадан бой көтерген Тараз қаласы, «Казарма» алқабындағы №65 орта мектептің ашылу салтанатына арнайы барып, көпшілікті қуанышымен құттықтадым.
180 орындық білім ордасы «Құмшағал» және «Шөлдала» алқаптарындағы №19, 56, 59 мектептерге тасымалданып білім алып жүрген оқушылардан қалыптастырылады.
Қазіргі таңда мұндағы оқушы саны – 101, педагогтер саны – 16 адамды құрап отыр. Кадр құрамын жасақтау бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде. Оқу ошағы оқу бөлмесі, асхана, спорт зал, лингафон кабинеті, шеберхана, зертхана және заманауи құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, бүгін облысымызда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің ең алғашқысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жалпы аталған жоба аясында облыс бойынша 12 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 7, 2025 жылы 5 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл – оқушы орнының тапшылығын, үш ауысымды оқытуды және мектептердің апатты жағдайын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ағымдағы жылы 41 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды. Жыл соңына дейін 15 мектеп пен 4 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталса, 2025 жылы 22 оқу ордасы өз жұмысын бастайды деп күтілуде. Сонымен қатар 4,3 млрд. теңгеге 10 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Жалпы, облысымызда білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың қауіпсіздігіне жіті назар аудару бағытындағы ілкімді істер үздіксіз жалғасады.
«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді халық даналығы. Расында, білімді ұрпақ – кемел келешек кепілі. Сондықтан балаларымыздың сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуіне барлық жағдай жасалуда. Бүгін алтын ұяларына тарыдай болып, кіріп таудай болып шығатын балғындарымыздың еліміздің болашағын баянды ететін үлкен азаматтарға айналарына сенімім мол.
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
01.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8875
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8270
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11498
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9254
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10481