ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді. Қаулы мәтініне сәйкес, COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-і қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілетін болады. Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.