Шығыс Қазақстаннан бастау алған жүрмелі көрме-жәрмеңке Павлодар облысында жалғасын тапты. Көрме суретшілердің картиналары, тері және ағаштан жасалған бұйымдары, түрлі ұлттық нақыштағы киімдер мен күміс әшекейлерден жинақталды.
«Атадан қалған асыл тін» атты Маңғыстау облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің,зергерлерінің көрме-жәрмеңкесінің басты мақсаты-маңғыстаулық қолөнершілер мен қылқалам шеберлерінің, зергерлердің, дизайнерлердің жұмыстарын креативті индустрия арқылы насихаттау, дәстүрлі өнеріміздің аталған жобаға икемділігін көрсету және қоғам арасында кеңінен таныту,эксклюзивті жергілікті берендтерді облыс көлемінде ғана емес,республикалық деңгейде таныстыру.
Павлодарлықтарға шара барысында зергер Қайрат Қуандықовтың күміс әшекейлер топтамасын, «Alinur Kids» брендінің негізін қалаушылар Қанат Өтес пен Эльвира Кударова ұсынған балалар сырт киімдер топтамасын, «Жаннұр жадағай» брендінің Жаннұр Меңдіқұлова ұсынған жадағайлары, «Мәдина» тігін шеберханасының негізін қалаушы Нағима Тасмұханбетованың топтамасы, «Тарбия бренд» сән салтанат үйі Тарбия Айдынбаеваның ұлттық киімдері ұсынылды.
Сондай-ақ Маңғыстау аудандық Халықтық ұжым «Отпан» фольклорлық ансамблі шараны аймақтық ерекшелікті игерген ән-күймен көркемдеді.