ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Өткен аптада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Мойынқұм аудандық филиалының IІІ есептік – сайлау конференциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібіне «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының аудандық филиалы жетекшісі Мәди Күнтудың есепті мерзім аралығында атқарған жұмысы туралы есебі және алда тұрған міндеттері туралы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының ХІV есептік-сайлау конференциясына делегат сайлау туралы екі мәселе енгізілді.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының аудандық филиалы жетекшісі Мәди Күнтуге сөз берілді.
- Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау бағытындағы кешенді жоспары өз деңгейінде жүргізілуде.
Аудан бойынша жалпы халық саны - 28663. Оның ішінде 14-35 жас аралығындағы жастар саны–8318 (мектеп оқушылары 14-16 жастағы -1170 жас), яғни халық санының 28,9% құрайды. Ерлер-4325, әйелдер-3993.
«Рухани-адамгершілік» бағыты бойынша барлығы 1316 адамды қамтыған 57 іс-шара өткізілді. «Әскери-патриоттық» бағытта барлығы 879 адамды қамтыған 38 іс-шара, «Спорттық» бағыт бойынша барлығы 2262 адамды қамтыған 55 іс-шара, «Мәдени-шығармашылық» бағытында барлығы 1786 адамды қамтыған 39 іс-шара, «Құқықтық» бағыты аясында барлығы 1035 адамды қамтыған 47 іс-шара, «Дін» бағыты аясында барлығы 777 адамды қамтыған 36 іс-шара, «Психологиялық-танымдық» бағытында барлығы 740 адамды қамтыған 39 іс-шара, «Жастарға кеңес беру» бағытында барлығы 971 адамды қамтыған 53 іс-шара, «Экологиялық мәдениет» бағыты бойынша барлығы 1615 адамды қамтыған 50 іс-шара, «Этносаралық келісім» бағыт аясында 393 адамды қамтыған 13 іс-шара, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты аясында барлығы 481 адамды қамтыған 26 іс-шара өткізілді.
2024 жылдың 6 айында өңірімізде «Жастар саясаты туралы» Заңын басшылыққа алған мемлекеттік жастар саясатын жастар арасында жүзеге асыру 11 бағыт бойынша жүргізіліп, 433 іс-шара өткізілді. Оған 12138 адам қамтылды, - деп Мәди Жәнібекұлы сөзін түйіндеді.
Баяндамадан соң «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев сөз алып, баяндамашының есебіне оң бағасын беріп, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатымен атқарылған бірқатар игі іс-шараларды атап өтті.
Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 111
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 110
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 626
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 744
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 656
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 667

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8804
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8203
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11429
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9183
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10414