ЕСІРТКІ ТҮБІ – ТҮРМЕ

ЕСІРТКІ ТҮБІ – ТҮРМЕ

Талдықорғанда көшпелі сот отырысы өтті. Ілияс Жансүгіров университетінің қабырғасында есірткі саудасымен айналысқан азаматтың ісі қаралды. Студенттер қатысқан сот тыңдалымында күдіктіге шешім шығарылды. 

Мамыр айында полиция қызметкерлері жүргізілген арнайы шаралар барысында марихуана сату дерегі анықталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 53 жастағы өңір азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізілді. Күдікті қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталды. Яғни 2,88 грамм болатын марихуана сатқан. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері арнайы үйін тінту кезінде 4,88 грамм болатын кептірілген есірткі тәркілеген. Соттың шешімі шықты. Бірақ әдеттегідей сот залында емес, университет қабырғасында. Себебі жастар арасындағы есірткі қылмысы азаймай тұр. «Ал бұл сот ісі арқылы көпшілікке ой салу басты мақсат», – дейді мамандар. 

«Бүгін міне студенттермен ашық сот мәжілісі өтті. Айыпталушыға есірткі затын өткізгені үшін сот үкімі шықты. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінгі таңда біз жастарға үндеу жолдаймыз. Өйткені Талдықорған қаласында есірткі затын, психотроптық затты, синтетикалық есірткі тасымалдасы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аса ірі көлемде болса 10-15 жыл аралығында бас бостандығынан айыру қылмыстық кодексте көзделген. Биылғы жылы осы уақытқа дейін бес үкім шықты. Айта кетейік, елімізде синтетикалық есірткі тасымалдаушылар саны артты. Сондықтан біз жастарға барынша қатаң жаза тағайындалатынын жеткізгіміз келеді. Студенттермен кездесудеде лекция өткіздік», – дейді Талдықорған қалалық прокуратураның бөлім бастығы Рүстем Смағұлов. 

Студенттердің қатысумен өткен  көшпелі сот отырысында күдіктіге үкім шығарылды. Онда 53 жастағы азаматқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Менің ойымша, бүгінгі болған сот дұрыс, әділ болды. Біріншіден, бізде сотта ҚР ҚК 297 баптың 1 тармағымен кетті. Әр қылмыс жазасыз қалмау керек. Айыпталушының денсаулығына байланысты оның мермізін жеңілдетті. Ол да әділ, себебі адам жағдайына да қарады. Бізде негізі мұндай ашық соттар жиі болады. Осы арқылы тәжірибеде көру арқылы көптеген білім аламыз. Әрі ақшаға қиналған студенттерге мұндай жағдайды көру арқылы, ақшаны әділ табуды көрсетеді деп ойлаймын. Қылмыс жасамау керек, ар-ұят болу маңызды. Әрбір қылмыс заң аясында әшкере болады, өз жазасын өтейді», – дейді Жетісу мемлекеттік университетінің 2-курс студені Сымбат Тоқтағұл. 

Жалпы Талдықорған қаласында есірткі саудасы мен психотроптық заттармен қылмыстық құқық бұзушылық соңғы 9 айда 35 пайызға өскен. Қалалық прокурордың айтуынша, ұсталып жатқандардың дені – жастар мен жасөспірімдер. Оларды еліктірген – әлеуметтік желідегі түрлі жарнамалар. Яғни, оңай ақша табу мақсатында қылмыстық іске ұрынған. Сондықтан көшпелі сот отырысы студенттерге ой салмақ.  

Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы
27.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367