Есірткімен күрес жандануда

Есірткімен күрес   жандануда

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы айлық өтіп жатыр. Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткі сатып жүрген екі жігітті ұстады.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған.

Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Ол өзіне жасырып кеткенді іздеп жүріп, одан да ірі есірткі партиясына тауып алғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Астаналық полиция есірткі сақтау мен қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, профилактикалық шаралардың жалғасатынын атап өтті.

Елордада жүзеге асырылып жатқан есірткіге қарсы айлық сияқты шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарына және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы күресте бірлескен әрекетті күшейтуге маңызды рөл атқарады.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар кешені бірлескен рейдтерді, оқу орындарындағы алдын алу әңгімелерін, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстарын қамтиды.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 290
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 284

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33982
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32535
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36337