Естеліктерге толы жылдар

Естеліктерге толы жылдар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай   ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасында астананың алғашқы «құрылысшыларымен» кездесу өтті. Кездесуге еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері: Фарит Галимов, Сергей Фомичев, Серік Рустамбеков, Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Николай Мещеряков, Анатолий Ченцов, Светлана Жалмағамбетова, Баир Досмағамбетов, Жәнібек Кәрібжанов, Александр Литвинов, Қайсар Омаров, Болат Қуанышев, Ахметолла Шәкіров шақырылды. Игі шараның  мерейтойлық шымылдығы ізгі тілектер мен жүрекжарды естеліктермен ашылды.

– «Қазақстанның жаңа астанасы жарияланған мерейлі күні бізді жинаған іс-шараны ұйымдастырушыларға рахмет. Қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері, бірінші қала әкімінің командасы ретінде Елбасы кітапханасына келгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін қымбат және таныс жандармен жүздесіп отырмын. Қаламыз бүгінде адам танымастай өзгерді, әдемі, биік, заманауи болды. Елорданың игілігі үшін жұмыс істей отырып, біз Елбасының жан – жақты қолдауын сезіндік»,- деді 1997-2000 жылдары астана әкімінің бірінші орынбасары болған ардагерлер ұйымының төрағасы Сансызбай Есілов.

– «Мен осы ауқымды құрылысқа басынан бастап қатыстым. Елорданы салудың қалай басталғанын, жердің астында және үстінде не жатқанын көрдім. Бүгін мен осы процеске қатысқандардың барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар – тамаша адамдар, құрылысшылар, өз елінің нағыз патриоттары,- деп атап өтті 2001-2002 жылдары Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, кейін астана әкімінің орынбасары болған Сергей Фомичев. 

Еліміздің бас қаласының қалыптасуының бастауында тұрған «Евразия+ ОРТ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова да өз естеліктерімен бөлісті.

– «Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген сарапшылар Қазақстанды толық күйрейді деп болжады. Әлсіз экономика, көптеген ұлттар тұрады, сондықтан ұлтаралық араздық болады деп ойлады. Бірақ барлық болжамдарға қарамастан, дәл бізде, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім орнады, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының арқасында алғашқы күннен бастап болашаққа деген берік сенім орнады, ал Қазақстан – бұл халықаралық аренада беделді, тұрақты және орнықты мемлекет, ал Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл әлемге танымал болды»,- деді Светлана Жалмағамбетова.

Кездесу барысында қонақтар назарына астананың қалыптасуы мен даму тарихына арналған экспозициялар-фотосуреттер, құжаттар, бейнехроника және Елбасы кітапханасының мұражай, мұрағат және кітапхана қорларынан алынған басқа да бірегей экспонаттар ұсынылды.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541