„ЕвроХим” компаниясы үшін аймаққа қайырымдылық көмек жасау бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде компания Сарысу ауданы әкімдігінің және Сарысу ауданының білім беру бөлімінің қолдауымен Сарысу ауданының Саудакент ауылында Б.Қашқынбаев атындағы мектеп-интернатты жабдықтау бойынша қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық акциясы барысында мектеп-интернатқа 70-ке дейін баланы қамтамасыз ету үшін жиһаз және жатын керек-жарақтарының жиынтығы, оның ішінде кереуеттер, кереует жанындағы тумбалар, шкафтар, үстелдер және тағы басқа қажетті заттар берілді.
Мектеп-интернаттың директоры Л.И.Нұрмаханова „ЕвроХим” компаниясына өз алғысын білдірді.
— Біздің мекемеге демеушілік көмек көрсеткен және осында тұратын балаларымыз үшін тұрмыстық жағдайды жақсартқан „ЕвроХим” компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде білім беру мекемелеріне мемлекет тарапынан ғана емес, жеке бизнес өкілдерінен де көмек көрсетіп отырғаны қуантарлық жағдай,- деді.
Компания өкілі Б.Ж.Байдилдаев өз сөзінде:
— „ЕвроХим” компаниясы біздің балаларымыздың болашағына бей-жай қарамайды, сондықтан біз осы шағын, бірақ біз үшін өте жағымды акцияны жүзеге асыруға қуаныштымыз. Сонымен қатар, мен 2019 жылдан бастап жыл сайын „ЕвроХим” компаниясы Сарысу ауданының әкімдігімен бірлесіп біздің ауданның түлектері үшін Ресейдің ең жақсы жоғары оқу орындарының бірі — Ростов облысы Новочеркасск қаласындағы М.И. Платов атындағы Оңтүстік Ресей мемлекеттік политехникалық университетіне (НПИ) тегін оқуға түсуге мүмкіндік беретінін хабарлағым келеді. Биылғы жылы да біз осы акцияны жалғастырып, аталған жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген Сарысу ауданының орта мектептерінің түлектері үшін тестілеу өткізгіміз келеді,-деді.