ФЕМИНИСТЕРДІ ҚҰТЫРТЫП ОТЫРҒАН КІМ?

ФЕМИНИСТЕРДІ ҚҰТЫРТЫП ОТЫРҒАН КІМ?

«Естімеген елде көп» деген рас-ау.  Ата-бабамыз атын естімек түгілі, затын көрмеген небір сұмдықтар бой көрсете бастады. Соның бірі – ЛГБТ насихаты. Соңғы уақыттары ел ішін еркін кезіп, әйел теңдігі деген ұранды арқаланып, шеру жасауға да елді үгіттей бастағаны қорқытады. Көптің қорқынышын тап басқан Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына ел аумағында Феминита қауымдастығына шектеу қойып, ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салу туралы депутаттық сауал жолдады.

«Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғалы есігінен доc та, дұшпан да еркін кіре бастады. Ол жасырын емес. Доспен табысып, бауырымыз бүтінделді деп қуанғанымызбен, арам пиғылдарын іске асыруға келген дұшпандар жанымызды ауыртып жүрегімізді жұлуға сәл қалып тұр.  Солардың бірегейі қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы. Аз ғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрлей бастады» деп бастады сөзін депутат. Зайытов құқық қорғау органдарын аталған ұйым өңірлерді аралап, кәмелетке толмаған ұл-қыздарға насихат жүргізгенде, митинг өткізгенде, оларға қарсы петиция шыққанда да еш әрекет етпеді деп айыптады. «Осыдан кейін еш жазаға тартылмасына көзі жеткен азғындар күні кеше Алматыда Құрылтай өткізетінін ашық хабарлады. Әлімсақтан ел мен жердің, ұлыс пен ұлттың тағдыры талқыланатын құрылтай деген қастерлі ұғымды осынша төмендеткенде біз неге қарап қалуымыз керек?!

Мемлекет басшысының өзі үйлестірген еліміздің Ұлттық Құрылтайының  маңызы мен мағынасына нұқсан келтіретін бұл феминита азғындарына неге тоқтау жоқ?! Олардың артында кім тұр, оларға  қаржы бөлетін кімдер және олардың көздеген түп мақсаты не? Сонда қалай?! Әншейінде кез келген мәселені май шаммен қарайтын құқық қорғау органдары, ЛГБТ ұйымына келгенде «тәртіпті қауқарсыз» бола қала ма?

«Малғұннан асқан мыстан жоқ,

Азғыннан асқан дұшпан жоқ» екенін естеріңізге тағы салайын ендеше.

Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1-бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуларыңызды талап етеміз!» деді ол депутаттық сауалында.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362