Қазақстан Республикасы атынан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» би ансамблі байқауға шақырту алып, қазақтың «Арман дала», «Ерке сылқым» би қойылымдарын ансамбльмен ұсынды. Фестиваль-конкурстың нәтижесі бойынша «Ақкербез» би ансамблі, жеке биші Айгүл Нұрымова «Лазги» биімен өнер көрсетіп, дипломант атанса, жеке биші Гүлнұр Қасымбек «Аққу» биімен I орынды иеленді. Қоюшы балетмейстер, би ансамблінің жетекшісі Айжан Қонарбаева.
Жеңімпаздарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!